
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Берікбол Байхожаев Қызылорда облысының Қармақшы ауданы Полиция бөлімінің жедел басқару кезекші бөлімі (ДЧ) жанындағы арнайы қабылдау (арнайы ұстау) бөлмесіне мониторинг жүргізді.
Мониторинг барысында арнайы бөлменің материалдық-техникалық жай-күйі, жеткізілген азаматтарды уақытша ұстау жағдайлары, үй-жайдың санитариялық талаптарға сәйкестігі, бейнебақылау жүйелерінің жұмыс істеуі, қауіпсіздік шаралары зерделенді.
Азаматтарды арнайы бөлмеге орналастыру кезінде олардың құқықтарының сақталуына, жеткізілген адамдарды тіркеу мен есепке алу тәртібіне, туыстарын хабардар етуге, адвокатқа қол жеткізу мүмкіндігіне, қатысты мәселелеріне назар аударылды.
Сонымен қатар, заңдылық қағидаттарының сақталуы, қатыгез немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынасқа жол бермеу, қызметтің ашықтығы мен кері байланыс тетіктерінің тиімділігі мәселелері қаралды.