Қармақшы ауданы полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына (УҰИ) мониторинг жүргізді

Қармақшы ауданы полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына (УҰИ) мониторинг жүргізді
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Берікбол Байхожаев Қармақшы ауданы полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына (УҰИ) мониторинг жүргізді.
Мониторинг барысында Уәкіл өкілі УҰИ-дің материалдық-техникалық жай-күйімен, ұсталған және әкімшілік қамауға алынған адамдарды ұстау жағдайларымен, камералардың жабдықталуымен, санитариялық-гигиеналық талаптардың сақталуымен, төсек-орын және жеке гигиена құралдарымен қамтамасыз етілуімен, тамақтандыру мен медициналық қызмет көрсетудің ұйымдастырылуымен танысты.
Азаматтарды УҰИ-ге орналастыру және ұстау кезінде олардың конституциялық құқықтарының сақталуына, жеткізілген адамдарды тіркеу тәртібіне, адвокаттарға қолжетімділікті қамтамасыз етуге, туыстарын хабардар етуге, есепке алу журналдарының жүргізілуіне және бейнебақылау жүйелерінің жұмыс істеуіне, әртүрлі санаттағы адамдарды бөлек ұстау талаптарының сақталуына, серуендеу ұйымдастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Мониторинг қорытындысы бойынша уәкілетті мемлекеттік органдарға адам құқықтарының сақталуын одан әрі қамтамасыз етуге және ұстау жағдайларын жақсартуға бағытталған тиісті ұсынымдар жолданатын болады.