
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің Қызылорда облысы бойынша өкілі Байхожаев Берікбол Ұзақұлы 2026 жылғы 20 ақпанда «Қоғамдағы заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету аясында Қызылорда облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен өткен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды талқылауға арналған семинарға қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – конституциялық реформалардың мазмұнын жан-жақты түсіндіру және олардың қоғам үшін маңызын кеңінен насихаттау болды.
Семинар барысында Өкіл Конституцияға енгізілетін өзгерістердің адам құқықтарын қорғау саласындағы маңызын атап өтті.
Сонымен қатар Қызылорда облысы Әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы, Әдеп жөніндегі уәкіл Оразгелді Ұзақбайұлы сөз сөйлеп, Жаңа Конституция жобасының мазмұнын, ұсынылған өзгерістердің құқықтық жүйеге және ел дамуына ықпалын жан-жақты түсіндірді.
Іс-шара қорытындысы бойынша конституциялық реформаларды халыққа кеңінен түсіндірудің маңыздылығы атап өтіліп, құқықтық мәдениетті арттыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыру қажеттігі айтылды.
#заңментәртіп
#АдалАзамат