ӨКІЛ «СЕНІМЕН БОЛАШАҚ» РҚБ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ЖАҢА БАСШЫСЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ӨКІЛ «СЕНІМЕН БОЛАШАҚ» РҚБ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ЖАҢА БАСШЫСЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Берікбол Байхожаев «Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының жаңа басшысы Света Сәтбаевамен кездесу өткізді.

          Кездесу барысында тараптар отбасы институтын нығайту, бала құқықтарын қорғау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. Сондай-ақ өңірде осы бағытта жүзеге асырылып жатқан жұмыстар мен алдағы кезеңге арналған жоспарлар қаралды.

          Тараптар қоғамдағы отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-аналар мен балаларға құқықтық-ағартушылық қолдау көрсету бағытында бірлескен іс-шараларды ұйымдастыруға және алдағы уақытта өзара ынтымақтастықты дамытуға келісті.