ӨКІЛ «ЕРКІНДІК РУХЫ» ЖАСТАР ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ МҮШЕСІМЕН КЕЗДЕСТІ

ӨКІЛ «ЕРКІНДІК РУХЫ» ЖАСТАР ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ МҮШЕСІМЕН КЕЗДЕСТІ

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Берікбол Байхожаев Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы «Еркіндік рухы» жастар құқықтары жөніндегі комиссиясының мүшесі АлиИслам Байхадаммен кездесті.

          Кездесу барысында тараптар жыл басындағы жоспарларды, сондай-ақ ағымдағы жылға арналған бірлескен іс-шараларды талқылады. Атап айтқанда, өңір жастарына бағытталған құқықтық-ағартушылық кездесулер, мектептер мен оқу орындарында өткізілетін іс-шаралар, жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған жобалар мәселелері қаралды.

          Тараптар алдағы уақытта облыс көлемінде бірлескен бастамаларды жүйелі түрде жүзеге асырып, жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған іс-шараларды тұрақты негізде өткізуге уағдаласты.