ӘДІЛ ҚОҒАМ ҚҰРУДА АДАЛ АЗАМАТ ҚАҒИДАТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МАҢЫЗДЫ

ӘДІЛ ҚОҒАМ ҚҰРУДА АДАЛ АЗАМАТ ҚАҒИДАТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МАҢЫЗДЫ

ӘДІЛ ҚОҒАМ ҚҰРУДА АДАЛ АЗАМАТ ҚАҒИДАТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МАҢЫЗДЫ

«Адал азамат» - азаматтардың мінез-құлқы мен жүріс-тұрысының озық үлгісін қалыптастыруды және оны қоғамда орнықтыруды көздейтін қағидат.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Адал азамат» дегеніміз – жақсы қасиеттерге ие болып, адал еңбек ететін және табысқа адал жолмен жететін адам. Яғни, адалдық пен әділдікті бәрінен биік қояды. Әрбір адам «Адал азамат» деген атқа лайық болса, елімізде әділ қоғам орнайды» деп айтқан болатын.

«Адал азамат» қағидаты әрбір қазақстандықты құқықтық саналы болуға үндейді.

Ақпарат жылдам өзгеріп отыратын қазіргі әлемде құқықтық сауатсыздық адамды осал етеді. Адам құқықтарының басты жауы — құқықтық нигилизм, яғни заңдарды білмеу немесе оларды елемеу.

Бұл — заңды талапты заңсыз әрекеттен ажырата білу, құқықтарды қорғау тетіктерін білу, мәселелерді «келісіммен» немесе пара беру арқылы шешуден бас тарту дегенді білдіреді.

          Құқықтық мемлекет -  жауапкершіліксіз мүмкін емес. Жауапкершілік мемлекет тарапынан да, азаматтар тарапынан да бірдей талап етіледі. Құқықтар міндеттермен ажырамас байланыста, ал оларды жүзеге асыру заңды және қоғамдық құндылықтарды құрметтеуді қажет етеді.

Заңды құрметтеген адам ғана оның мемлекет тарапынан мүлтіксіз сақталуын талап ете алады.

Адал азамат еңбек шартын жасасып жұмыс істейді. Бұл тек бюджет алдындағы адалдық қана емес, сонымен қатар өзінің еңбек демалысына, медициналық көмекке және өзге де әлеуметтік құқықтарына заңды түрде кепілдік алу.

          «Адал азамат» — ең алдымен құқықтық тұрғыдан сауатты, саналы азамат. Өз құқықтарын білмейінше, олардың бұзылғанын байқау да мүмкін емес.

Қорыта айтқанда, әділ қоғам құруымыз үшін баршамыз адал қызмет ететін, еліміздің заңдары мен адам құқықтарын құрметтейтін әрі сақтайтын адал азамат болуымыз қажет.

#адал_азамат