ӨКІЛ АРАЛ АУДАНЫНА БАРДЫ

ӨКІЛ АРАЛ АУДАНЫНА БАРДЫ

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Берікбол Байхожаев «заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету мақсатында Арал ауданына арнайы жұмыс сапарымен барып, Арал аудандық полиция бөлімінің басшысының орынбасары Талғат Лекеровпен кездесті.

Кездесу барысында елімізде жүргізіліп жатқан конституциялық реформалардың қоғам дамуы мен құқықтық мемлекетті нығайтудағы стратегиялық мәні кеңінен талқыланды. Сондай-ақ құқық бұзушылықтың алдын алу, азаматтардың құқықтық мәдениетін көтеру, халықпен тиімді кері байланыс орнату және өңірдегі қоғамдық қауіпсіздікті жүйелі түрде күшейту мәселелері басты назарға алынды.

Тараптар заң үстемдігін қамтамасыз ету, тұрғындардың құқықтарын қорғау және қауіпсіз қоғам қалыптастыру бағытындағы өзара ынтымақтастықты одан әрі арттыруға уағдаласты.