
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Берікбол Байхожаев Қызылорда облысындағы Арал ауданының учаскелік полиция пункттеріне мониторинг жасады.
Бару барысында уәкіл өкілі полиция пунктерінің материалдық-техникалық жағдайымен, қызметтік бөлмелердің жабдықталуымен, азаматтарды қабылдау тәртібімен және учаскелік инспекторлардың күнделікті жұмысымен танысты.
Сонымен қатар, тұрғындардың өтініштері мен шағымдарын қарау кезінде адам құқықтарының сақталуы, заңдылық қағидаттарының орындалуы, қызмет көрсету сапасы және азаматтармен кері байланыс мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Тексеру қорытындысы бойынша уәкілетті мемлекеттік органдарға тиісті ұсыныстар жолданатын болады.