
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Берікбол Байхожаев Қызылорда облысы Арал ауданының уақытша ұстау мониторинг жасады.
Бару барысында омбудсмен өкілі полиция пунктерінің материалдық-техникалық жағдайымен, қызметтік бөлмелердің жабдықталуымен, азаматтарды қабылдау тәртібімен және учаскелік инспекторлардың күнделікті жұмысымен танысты. Арнаулы үй-жай бөлмелерін зерделеді.
Сонымен қатар, тұрғындардың өтініштері мен шағымдарын қарау кезінде адам құқықтарының сақталуы, заңдылық қағидаттарының орындалуы, қызмет көрсету сапасы және азаматтармен кері байланыс мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Тексеру қорытындысы бойынша уәкілетті мемлекеттік органдарға тиісті ұсыныстар жолданатын болады.