
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Берікбол Байхожаев Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне қарасты мекемеге әйелдердің құқықтарының сақталуын бақылау және қамтамасыз ету мақсатында арнайы барды.
Сапар барысында әйелдердің заңмен кепілдендірілген құқықтарының орындалуы, олардың қауіпсіздігі мен әлеуметтік қорғалуы, сондай-ақ мекеме жағдайындағы тұрмыстық және медициналық қамтамасыз ету мәселелері назарға алынды. Әйелдердің бейбітшілік пен қоғамдық тұрақтылықты нығайтудағы, қоғамдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі ерекше маңызға ие екені атап өтілді.
Осы бағытта мекеме тарапынан заң талаптарының сақталуы, адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтының ұсынымдарын орындау қажеттігі ескертілді.
Әйелдердің құқықтарын қорғау, олардың ар-намысы мен қадір-қасиетін сақтау, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды одан әрі жалғастырудың маңыздылығы атап өтілді. Бұл бағыттағы бақылау шаралары алдағы уақытта да тұрақты түрде жүзеге асырылатыны жеткізілді.
Мекеменің жаңа пайдалануға берілген корпустарымен танысып, әйелдерге арналған жатақхананың жағдайы қаралды. Жатақханадағы тұрмыстық жағдай, санитарлық тазалық, бөлмелердің жабдықталуы және жалпы инфрақұрылымның талаптарға сәйкестігіне назар аударды.