
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Берікбол Байхожаев ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалында дәріс өткізді.
Дәріс барысында Омбудсмен Өкілі адам құқықтарын қорғаудың маңыздылығы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, олардың міндеттері мен заң алдындағы жауапкершілігі, сондай-ақ азаматтардың жеке және қоғамдық қауіпсіздігі мәселелері туралы кеңінен баяндады. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары, олардың қызметтік кепілдіктері мен заңмен қорғалуы туралы нақты түсіндірмелер берді.
Сонымен қатар, тыңдаушылар азаматтардың әртүрлі өмірлік жағдайларда азаматтардың құқықтары, міндеттері және жауапкершіліктері туралы айтып өтті. Мемлекеттік қызметшілер мен тыңдаушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құқық қолдану тәжірибесіне қатысты пайдалы ақпарат алды.