ӨКІЛ БАЙҚОҢЫР ҚАЛАСЫНА БАРДЫ

ӨКІЛ БАЙҚОҢЫР ҚАЛАСЫНА БАРДЫ

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Берікбол Байхожаев Қызылорда облысы әкімдігінің әдеп жөніндегі уәкілімен бірге Б. Әбдіқадірмен Байқоңыр қаласына барып, мемлекеттік қызметшілермен кездесті.

Кездесу барысында, ҚР Президентінің Байқоңыр кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің басшысы, «Байқоңырбаланс» РММ басшылары, департамент, басқарма басшылары, республикалық мемлекеттік мекемелерінің меңгерушілерімен және мектеп директорлары және орынбасарлары қатысты.

Омбудсмен өкілі Қазақстан Республикасының Конституциясында және Республика бекіткен Халықаралық шарттарда адам және азаматтарға кепілдік берілген іргелі құқықтар, БҰҰ Бас Ассамблеясымен қабылданған Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы, “Қазақстан Республикасындағы «Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Конституциялық заңның негізгі ережелері, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі қызметінің міндеттері туралы айтып өтті.

Өкіл әр азаматтың қандай құқықтары бар екенін және оларды білу мен құрметтеудің маңыздылығын түсіндіріп, азаматтардың негізгі құқықтары туралы айтып, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ, ҚР Конституциясының әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарының негізгі кепілі болып табылатынын ерекше атап өтіп, Конституция нормаларының қоғамдағы тұрақтылық пен әділдікті қамтамасыз етудегі рөлін түсіндірді.

Сонымен қатар, Б. Әбдіқадыр “Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодекс нормаларын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау мәселелері” бойынша баяндама айтып өтті.