
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Берікбол Байхожаев пен ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы «Еркіндік рухы» жастар құқықтары жөніндегі комиссиясының мүшесі АлиИслам Байхадаммен бірге Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің "С.Толыбеков атындағы №3 ақпараттық технология мектеп-лицейінің оқушыларымен кездесті.
Кездесу барысында жоғары сынып оқушыларымен маңызды тақырыптар талқыланды: адам құқықтары және олардың қорғалуы; азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етудегі Қазақстан Республикасының Конституциясының рөлі; Адам құқықтары жөніндегі уәкілге жүгіну тетіктері. Оқушылар белсенді қатысып, сұрақтар қойып, өз құқықтарын білу мен қорғаудың маңыздылығы жөнінде пікірлерімен бөлісті.
Сонымен қатар, буллингтің зияны мен оның алдын алу шаралары туралы түсіндірме жұмысын жүргізді. Бір-біріне құрметпен қараудың, адамгершілік пен мейірімділіктің маңызын атап өтті. Сондай-ақ, буллинг жағдайында өздерін қалай қорғау керектігі және кибербуллингтен сақтану жолдарын айтып өтті.