Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда бойынша өкілі Берікбол Байхожаев және Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы «Еркіндік рухы» жастар құқықтары жөніндегі комиссиясының мүшесі АлиИслам Байхадаммен бірге Қызылорда қаласындағы Н. Ильясов атындағы №9 гимназиясына барды.
Кездесу барысында жоғары сынып оқушыларымен маңызды тақырыптар талқыланды: адам құқықтары және олардың қорғалуы; азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етудегі Қазақстан Республикасының Конституциясының рөлі; Адам құқықтары жөніндегі уәкілге жүгіну тетіктерін айтып өтті.
Сонымен қатар, оқушылар белсенді қатысып, сұрақтар қойып, өз құқықтарын білу мен қорғаудың маңыздылығы жөнінде пікірлерімен бөлісті.
Мұндай кездесулер жастар арасында құқықтық мәдениет пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал етеді.