Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Берікбол Байхожаев сараптамалық кеңестің кезекті отырысын өткізді.
Кеңес отырысына Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары А. Мыңбаев, № 1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының директоры Р. Ыскакова және сараптамалық кеңес мүшелері қатысты.
Отырыс барысында, Өкіл сараптамалық кеңес мүшелерінің жаңа құрамымен таныстырды. Сондай-ақ, Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты Мекемелеріне мониторингтік бару барысында анықталған кемшіліктері мен оларды жою бойынша қабылданған шаралар туралы талқыланды. Осы орайда, анықталған кемшіліктер бойынша ҚР Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің бас маманы К. Мадиева баяндады.
Осы орайда, №1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында анықталған кемшіліктерді жою және алдағы уақытта олардың қайталануына жол бермеу және Басқармаға қарасты арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының қызметкерлері арасында құқықтық оқуларды жүйелі түрде өткізу туралы ұсынамдар берілді.
Сонымен қатар, А. Мыңбаев аталған кемшіліктерге қатысты ұсынымдар бойынша өз пікірін білдіріп, оларды жою бағытында жұмыстар жүргізілгенін атап өтті.