ӨКІЛ МЕКТЕП-ИНТЕРНАТ КОЛЛЕДЖІНЕ БАРДЫ

ӨКІЛ МЕКТЕП-ИНТЕРНАТ КОЛЛЕДЖІНЕ БАРДЫ

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Берікбол Байхожаев "Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының "Жалаңтөс Баһадүр Сейтқұлұлы атындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі" мекемесіне барды.

Бару барысында Өкіл оқу орнының материалдық-техникалық базасымен, спорт залдары мен жаттығу алаңдарының жағдайымен, сондай-ақ тәрбиеленушілердің спортпен айналысуға арналған мүмкіндіктерімен және спортшылардың жетістіктері мен алдағы жарыстарға дайындығымен танысты.

Мекеме әкімшілігімен және қызметкерлерімен пікір алмасып, оқу процесін жетілдіру мен тәрбиеленушілердің құқықтарын қорғау бағытында бірқатар ұсынымдар берілді.