Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Берікбол Байхожаев ҚР Ішкі істер органдарының ардагері және ардагерлер кеңесінің төрағасы Амирбек Шаймағанбетовпен кездесті.
Кездесу барысында тараптар адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласындағы заңнаманың орындалуы, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру, әділдік пен теңдік қағидаттарын нығайту, сондай-ақ қоғамдағы өзара құрмет пен жауапкершілік деңгейін арттыру мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар, құқықтық сауаттылықты жетілдіру, жастар арасында адам құқықтарын құрметтеу мәдениетін қалыптастыру және мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам арасындағы өзара ынтымақтастықты дамыту бағытында бірлескен іс-шаралар өткізу жөнінде пікір алмасты.