Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда бойынша өкілі Берікбол Байхожаев ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалында «Мемлекеттік қызметтегі әдеп және кәсібилік: сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық» тақырыбында мемлекеттік қызметшілерге дәріс өткізді.
Семинардың мақсаты – мемлекетік қызметшілердің кәсіби әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа төзімсіздік таныту дағдыларын дамыту.
Дәріс барысында, Омбудсмен өкілі ҚР мемлекеттік қызметшілері әдеп кодексінің негізгі қағидаларын, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттарымен, қызметшілердің арасында жағымды моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастырудың маңыздылығын жан-жақты айтып өтті.
Сонымен қатар, адам құқықтары мен бостандықтарының мәні мен түрлерін түсіндіру, адам құқықтары жөніндегі халықаралық құжаттармен таныстыру, мемлекеттік қызметшінің құқықтық сауаттылығы мен кәсібилігін қалыптастырудың маңыздылығын талқылады. Сондай-ақ, ар-намысы мен қадір-қасиетіне кемсіту мен қол сұғудың кез келген түрін болдырмауға бағытталған қолайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыру жөнінде айтты.
Осы орайда, тыңдаушылар семинар барысында әдеп нормалары мен қағидаларын ұстану, өзгерістерді басқару, дербестік және шешім қабылдау дағдыларын дамытады.