Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда бойынша өкілі Берікбол Байхожаев «Конституция – әділетті Қазақстан негізі» атты облыстық ғылыми-танымдық конференциясына қатысты.
Сонымен қатар, облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Руслан Каюповтың бастамасымен конференцияға облыс бойынша Соттар әкімшісі департаменті басшысының міндетін атқарушы М. Асанова, Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуына жоғарғы қадағалау функциясын жүзеге асыратын облыс прокурорының аға көмекшісі Б. Дінахмет, Ассамблея жанындағы ғылыми-сарапшылық топтың мүшесі Д. Омаров, сондай-ақ заң ғылымдарының докторы А. Исаева қатысып, өз сөздерінде Ата Заңның тарихи маңызын, оның тәуелсіз Қазақстанның іргетасы ретінде мемлекет тұрақтылығы мен ел бірлігін сақтаудағы айрықша орнын атап өтті.
Қазақстан Республикасының Конституциясының қабылданғанына 30 жыл толуына арналған конференция өтті. Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, құқық саласының мамандары, жастар мен қоғам қайраткерлері қатысты.
Конференция барысында Конституцияның еліміздің демократиялық дамуы мен құқықтық мемлекет құрудағы орны, азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі рөлі талқыланды.
Өкіл өз сөзінде әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау – басты міндет екенін, ҚР Конституциясы ел өмірінің барлық салаларын дамытуға мүмкіндік беретіндігін ерекше атап өтті.