Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Берикбол Байхожаев Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбеттің төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссия отырысына қатысты.
Комиссия отырысына 2025 жылғы 6 айдағы кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы, кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған қылмыстар және кәмелетке толмағандар арасындағы өз-өзіне қол жұмсаудың және ерте жүктіліктің алдын алу жұмыстарының 2025 жылғы 1 жартыжылдықтағы қорытындысы, сондай-ақ жастар арасында зиянды әдеттердің алдын алу мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, құқық қорғау, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, сондай-ақ қала мен аудандардың кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия төрағалары қатысты.