Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Берікбол Байхожаев жұмыс сапары аясында Жаңақорған ауданы полиция бөлімі басшысының орынбасары Ербол Алимбековтің таныстыруымен, №2 учаскелік полиция бөліміне барды.
Омбудсмен Өкілі Жаңақорған ауданы полиция бөлімінің учаскелік полиция пунктінің қызметімен танысып, ұсталған азаматтардың құқықтарының сақталу жағдайын қарап, орнатылған бейнебақылау жүйесін тексерді және анықталған бірқатар кемшіліктерді жою бойынша ұсынымдар берді.