ӨКІЛ ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНЫҢ «РУХАНИЯТ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ» ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

ӨКІЛ ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНЫҢ «РУХАНИЯТ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ» ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі және кәмелет жасқа толмағандардың комиссия мүшесі Берикбол Байхожаев, 2025 жылдың 20 тамыз күні Жаңақорған ауданының «Руханият орталығымен» танысты.

Заманауи үлгіде салынған нысанға музей, архив, кітапхана, ардагерлер мен әйелдер кеңесі, үкіметтік емес ұйым өкілдері және аудан жастары орналасқан.

2024 жылы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Руханият жылы» жарияланған еді. Осы орайда,  Жаңақорған ауданында «Руханият орталығы» ашылған. Орталықты таныстыру барысында, экспонаттарды сақтау оны толықтай залға шығару мүмкіндігі болмаса, Орталықтың ғимаратынан аудандық музейге жалпы көлемі 631 шаршы метр орын беріліп, қазіргі таңда бізде 12 мыңға жуық экспонат бар екендігін атап өтті.

Сонымен қатар, Жаңа нысандағы архив залына 210 мың жуық құжат сақтауға болатынын, сондай-ақ орталықта неке қию залы, тәулік бойы қызмет көрсететін кітапхана жұмыс істейтінін жеткізді.