ӨКІЛ ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

ӨКІЛ ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі және кәмелет жасқа толмағандардың комиссия мүшесі Берикбол Байхожаев, 2025 жылдың 20 тамыз күні Жаңақорған ауданының тұрғындарымен кездесті.

Кездесу барысында, Омбудсмен өкілі Жаңақорған ауданындағы «Руханият орталығында» Қазақстан Республикасының Конституциясында және Республика бекіткен Халықаралық шарттарда адам және азаматтарға кепілдік берілген іргелі құқықтар, БҰҰ Бас Ассамблеясымен қабылданған Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы, “Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы” Конституциялық заңның негізгі ережелері, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі қызметінің міндеттері туралы айтып өтті.

Омбудсмен өкілі, адам саудасына және кәмелет жасқа толмаған балалардың заңсыз еңбек қызметіне тартылуына байланысты мониторинг жүргізу бойынша, сондай-ақ бұл бағыттағы құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында тиісті ұсынымдар берді. Атап айтқанда, Өкіл адам саудасының алдын алу, балалардың құқықтарын қорғау және еңбек заңнамасын сақтау бойынша жүйелі шаралар қабылдау қажеттігін туралы сөз қозғады.

Сонымен қатар, тұрғындарға адам мен азаматтың 40 іргелі құқықтарын, сондай-ақ адам құқықтары мен бостандықтар саласындағы заңнамалық новеллалар және азаматтардың мемлекет пен қоғам алдындағы міндеттері Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілінің атқарған жұмыстары туралы да айтып берді.

Кездесуден кейін омбудсмен өкілі Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары Бектас Нурдиновпен бірге жеке қабылдау өткізді.