Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Берикбол Байхожаев мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Бектемір Жұмағұловпен кездесті.
Кездесу барысында өңірдегі мемлекеттік және жеке меншік қызметерлерінің еңбек құқықтарының сақталу жайы, жұмысшылардың әлеуметтік қорғалуы, еңбек дауларының уақтылы шешілуі сияқты және бірқатар өзекті мәселелер талқыланды.
Сонымен қатар, тараптар еңбек қатынастары саласындағы адам құқықтарын қорғау және құқықтық ағарту бағытында бірлескен іс-қимылдар жүргізу қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, бұл кездесулер өңірдегі азаматтардың еңбек құқықтарын қорғауға бағытталған маңызды қадам болып табылады.