ӨКІЛ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРҒАН ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

ӨКІЛ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРҒАН ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Берикбол Байхожаев және Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы «Еркіндік рухы» жастар құқықтары жөніндегі комиссиясының мүшесі АлиИслам Байхадаммен бірге ұлттық орталықтың жастар комиссиясына арналған тренингке Zoom платформасы арқылы қатысты.

Сондай-ақ, тренингке Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев қатысып, жастар үшін арнайы сөз сөйлеп, адам құқықтарын қорғау саласындағы олардың белсенді рөлі мен бастамашылдығын ерекше атап өтті.

Сонымен қатар, шараға «Senimen Bolashaq» РҚБ Қызылорда облыстық филиалының басшысы және өңірлік сараптамалық кеңестің мүшесі Нұрислам Абдрахман, сондай-ақ еліміздің түрлі өңірлерінен жастар ұйымдарының өкілдері қатысып, өз ой-пікірлерін ортаға салып, тәжірибе алмасты.

Тренинг жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, олардың қоғамдық белсенділігін қолдауға және адам құқықтарын қорғау саласындағы әлеуетін дамытуға бағытталды.