Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Берикбол Байхожаев және Қызылорда облыстық Полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасы басшысының орынбасары, полиция полковнигі С. Камитбековпен бірге өкілдікте азаматтарды жеке қабылдады.
Жеке қабылдау барысында Өкіл және С. Камитбеков азаматтарды жеке қабылдау жүргізіп, олардың өзекті мәселелері мен өтініштерін тыңдады. Қабылдау нәтижесінде өтініштері жеке қаралып, құқықтық кеңестер берілді. Сонымен қатар, кейбір мәселелерді шешу үшін тиісті мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар жолданып, бақылауға алынды.
Еске сала кетейік, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілінің азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауы жұмыс күндерінде сағат 10:00-17:00 дейін Қызылорда қаласы, Абай даңғылы №52 мекенжайы бойынша жүргізіледі.