Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Берикбол Байхожаев 2025 жылдың 27 маусымында Қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша Қызылорда облысы әкімдігі жанындағы консультациялық-кеңесші органның және Адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік комиссияның кезекті отырысына қатысты.
Сондай-ақ, облыстық прокуратура, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Қызылорда облысы бойынша департаменті, Қызылорда облысының полиция департаменті, Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті, Мемлекеттік еңбек инспекциясының өкілдері мен облыстық басқарма басшыларының орынбасарлары және Қызылорда қаласы мен аудан әкімдерінің орынбасарлары қатысты.
Отырыс барысында, пробация есебіндегі мен жазасын өтеп шыққан азаматтарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету бағытында атқарылған жұмыстар, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылатындар мен босатылғандарды қайта әлеуметтендіру және қайта оңалту және өңірдегі адам саудасына қарсы күрестің тиімділігін арттыру, осы бағытта атқарылған жұмыстарды және жаңа әдістер мен шешімдерді қарастыру мәселелері талқыланды.
Өкіл, адам саудасына және кәмелет жасқа толмаған балалардың заңсыз еңбек қызметіне тартылуына байланысты мониторинг жүргізу бойынша, сондай-ақ бұл бағыттағы құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында тиісті ұсынымдар берді. Атап айтқанда, Өкіл адам саудасының алдын алу, балалардың құқықтарын қорғау және еңбек заңнамасын сақтау бойынша жүйелі шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.