ӨКІЛ ЖАНЫНДАҒЫ САРАПТАМАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ӨКІЛ ЖАНЫНДАҒЫ САРАПТАМАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі жанындағы  сараптамалық кеңестің кезекті отырысы өткізілді.

Кеңес отырысына сараптамалық кеңес мүшелері, ҰАТ мүшелері, Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары, әділет полковнигі Мейрам Бекжанов, Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД сотталғандар арасындағы тәрбие жұмысы бөлімінің бас маманы Серік Сейдахметов, №37 Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшысы Абай Битаев және ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің "Еңбек" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Еңбек-Қызылорда" филиалының директоры Руслан Кыпшакбаев қатысты.

Сараптамалық кеңес отырысында 2 мәселе қаралды. Мандатты мекемелердің қызметіне халықаралық стандарттарды енгізу мәселелерін, соның ішінде БҰҰ-ның тұтқындармен қарым-қатынасқа қатысты ең төменгі стандартты ережелерінің ережелерін бейімдеуді талқылау болды. Серік Сейдахметов аталған мәселе бойынша өз баяндамасын айтып өтті.

Сонымен қатар, Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мекемелерінде, яғни “№37 мекеме” бару барысында анықталған кемшіліктерді және ұсынымдарды талқылау болды.

Аталған мәселе бойынша Абай Битаев өз баяндамасында анықталған кемшіліктердің толығымен жойылғанын және жауапты тұлғаларға тиісті тәртіптік шаралар қолданылғанын мәлімдеді. Сонымен қатар, Өкіл мен ҰАТ қатысушылары №37 мекеме әкімшілігіне өз ұсыныстарын білдіріп, сұрақтар қойды. Өз кезегінде Руслан Қыпшақбаев өз баяндамасында сотталған әйелдердің жұмыспен қамтылғанын және олардың жағдайының жақсартылғандығын айтып өтті.

Айта кету керек, Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің өңірлік өкілінің жанындағы Сараптамалық кеңес – консультативтік-талдамалық функциялары бар кеңесші орган. Оның құрамына үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, құқық қорғаушылар мен тәуелсіз сарапшылар кіреді. Кеңестің негізгі міндеті - адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелері бойынша ашық әрі сындарлы диалог жүргізу және ұсынымдарды әзірлеу болып табылады.

Осы орайда, Қылмыстық-атқару жүйесінің департаментінің мекемелеріне құқық бұзушылықтың алдын-алу, болдырмау және жою туралы ұсынымдар берілді.