ӨКІЛ “ҚАЙЫРЛЫ КҮН, ҚЫЗЫЛОРДА!” БАҒДАРЛАМАСЫНА СҰХБАТ БЕРДІ

ӨКІЛ “ҚАЙЫРЛЫ КҮН, ҚЫЗЫЛОРДА!” БАҒДАРЛАМАСЫНА СҰХБАТ БЕРДІ

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Берікбол Байхожаев “Qyzylorda TV” телеарнасында көрсетілетін “Қайырлы күн, Қызылорда!” бағдарламасына сұхбат берді.

Сұхбат барысында, Омбудсмен өкілі Қазақстан Республикасының Конституциясында және Республика бекіткен Халықаралық шарттарда адам және азаматтарға кепілдік берілген іргелі құқықтары және Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі қызметінің міндеттері туралы айтып өтті.

Сонымен қатар, Өкіл өз сөзінде 2019 жылдан бері қылмыстық құқықбұзушылықтардың саны шамамен екі есе азайғанын, ал қоғамдық орындарда жасалатын қылмыстардың саны 80 пайызға төмендегенін атап өтіп, бұл азаматтарымыздың қоғамдық жерлерде өздерін қауіпсіз сезінуіне мүмкіндік беретінін айтты.

Сондай-ақ маңызды міндеттің бірі - отбасылық зорлық-зомбылықпен күрес және әйелдер мен балаларды қорғау. Осы бағытта заңнамалық, институционалдық тұрғыдан батыл қадамдар жасалуда. Отбасылық зорлық-зомбылық жасағаны үшін берілетін жаза едәуір күшейтілді. Бір жыл бұрын тиісті заң қабылданды. Заңға енгізілген түзетулер мен басқа да шаралар нақты нәтиже бере бастады. Орташа және ауыр деңгейдегі отбасылық-тұрмыстық қылмыс саны жыл басынан бері 30 пайызға төмендеді.