Ағымдағы жылдың 13 маусымында Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің бас маманы Д. Садуов Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті ұйымдастырған дөңгелек үстелге қатысты.
Отырыс барысында, бас маман Қазақстан Республикасының Конституциясында және Республика бекіткен Халықаралық шарттарда адам және азаматтарға кепілдік берілген іргелі құқықтары, БҰҰ Бас Ассамблеясымен қабылданған Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы, “Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы” Конституциялық заңның негізгі ережелері, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі қызметінің міндеттері туралы айтып өтті.
Сонымен қатар, тыңдаушыларға адам мен азаматтың 40 іргелі құқықтарын, сондай-ақ құқықтар мен бостандықтар саласындағы заңнамалық новеллалар және азаматтардың мемлекет пен қоғам алдындағы міндеттері туралы да айтып берді.