Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Берикбол Байхожаев «Анаға тағзым» орталығына барды.
Директор орынбасары Жанар Берікболқызы Омбудсмен Өкіліне Орталықтың жұмыстарымен таныстырды. Қазіргі таңда, Орталық аймақ басшысының бастамасымен қала орталығында жаңадан бой көтерген ұлттық және заманауи үлгідегі мәдени – әлеуметтік нысан болып табылады.
Сонымен қатар, мыңға жуық клуб мүшелері, «Ұлт жақұты» музейлік залы, «Креативті индустрия» орталығы бар және 30-ға жуық қызметкер жұмыспен қамтылған.
Мәдени нысан “Ұлы Даланың Ұлы аналарының” киелі жолын дәріптей отырып, жас ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие беруге, отбасылық құндылықтарды нығайтуға, бүгінгі қазақ әйелінің рухани келбетін қалыптастыруға және креативті индустрияны дамытуға бағытталған.
Орталықтың мақсаты - ұлттық құндылықтарды ұрпаққа мирас етіп қалдыру, дәстүрлі мәдениетті жаңғырту. Әйелдер еңбегін дәріптеу және оны өнегелеу. Қазіргі қазақ әйелдерінің рухани келбетін қалыптастыру. Қыз – келіншектерді, аналарды өмірге, тұрмысқа икемдеу, бейімдеу.