Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қостанай облысы бойынша өкілі Қостанай облысы бойынша қылмыстық-түзеу жүйесі департаментінің ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында қызметкерлерге Қазақстан Республикасы Президентінің "Адал Азамат" тұжырымдамасы шеңберінде құқықтар, міндеттемелер мен жауапкершілік жеткізілді.
Сонымен қатар, Департамент ұжымына отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы тұруға бағытталған заңның қабылдануына байланысты өзгерістер түсіндірілді.