Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Қостанай облысы бойынша өкілі а.ж. 17 қазанында бастапқы даярлық курстарының тыңдаушылары үшін арналған семинарға қатысты.

Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Қостанай облысы бойынша өкілі а.ж. 17 қазанында бастапқы даярлық курстарының тыңдаушылары үшін арналған семинарға қатысты.

 Өкіл құқық қорғау органдарының қызметінде адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттарды сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Ұлттық құқық қорғау құрылымдарының халықаралық институттармен өзара іс-қимылына, сондай-ақ азаматтардың құқықтары бұзылған жағдайда шағымдар мен өтініштер беру тетіктеріне ерекше назар аударылды.
Тыңдаушылар талқыланатын мәселелерге белсенді қызығушылық танытып, Қазақстан Республикасында адам құқықтарын қорғаудың практикалық аспектілеріне қатысты нақтылайтын сұрақтар қойды.
Кездесу соңында М. С. Шакирбаев полиция қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығының маңыздылығын атап өтті.