Өкіл ведомствоаралық кеңеске қатысты

Өкіл ведомствоаралық кеңеске қатысты

А.ж. 14 қазанында Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Қостанай облысы бойынша өкілі Қостанай гарнизонының әскери прокуратурасымен жүргізілген әскери құқық қорғау органдарының ведомствоаралық кеңесінде баяндама жасады. Кеңесте қылмыстық процеске қатысушылар мен сотталғандарға азаптау мен қатыгездіктің алдын алу мәселелері талқыланды. Кеңес жұмысына сондай-ақ Ұлттық Ұланның 6697 әскери бөлімінің қолбасшылығы мен бақылау құрамы, Қостанай облысы Шекара қызметі департаментінің анықтау басқармасының қызметкерлері және Ішкі істер министрлігі Қостанай Академиясының 1-3 курс курсанттары қатысты.