Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қостанай облысы бойынша өкілі а.ж. 7 тамызында азаматтарды жеке қабылдау жүргізді.
Жеке қабылдауға келген азаматқа азаматтық іс бойынша түсіндірме берілді. Сонымен қатар, Қостанай облысы денсаулық сақтау басқармасының, Жітіқара аудандық ауруханасының және «№39 мекеме» РММ-ң өкілдерімен бірге жазасын өтеп жүрген азаматқа жеке қабылдау жүргізіліп, медициналық көмек алу бойынша түсіндірме берілді.
Өтінішті қарау нәтижесі бойынша уәкілетті органға ұсыным жолданды.