Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қостанай облысы бойынша өкілі а.ж. 25 маусымында облыс әкімінің орынбасары Б. Нарымбетовтың төрағалығымен өткен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысына қатысты.Отырыста кәмелетке толмағандардың жол – көлік жарақаттануының алдын алу және кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы мәселелер қаралды.Нәтижесінде Комиссия төрағасы уәкілетті органдарға тиісті тапсырмалар берді.