Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Қостанай облысы бойынша өкілі а.ж. 18 маусымында Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасының директоры
Р. Давлетпаевпен кездесті.
Кездесу барысында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, оларды жеке қабылдау, бірлескен шаралар ұйымдастыру және т.б. мәселелер талқыланды.
Соным қатар, а.ж. 13 мамырында жасалған Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл мен Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум аясында алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар талқыланды.