Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің мемлекеттік қызметшілермен кездесуі.

Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің мемлекеттік қызметшілермен кездесуі.

Бүгін Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қостанай облысы бойынша өкілі М. Шәкірбаев Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалында мемлекеттік қызметшілермен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Өкіл “Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы” Конституциялық заңның негізгі ережелері, өкілдіктің қызметі туралы түсіндіріп өтті.
Сонымен қатар, тыңдаушыларға адам мен азаматтың 40 негізгі құқықтары туралы да айтып берді.
Кездесу соңында тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берілді.