Адам құқытары жөніндегі уәкілдің өкілі Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның және Қостанай облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен «Қазақстандағы адам құқықтарын қорғаудың ұлттық және халықаралық тетіктері» тақырыбындағы семинар-тренингке қатысты.
Семинар барысында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Т.Д. Әбішев,
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің конституциялық және азаматтық құқық кафедрасының қауымдастырылған профессоры
С.Б. Жаркенова, «Қазақстан дағдарыстар орталығы» қоғамдық бірлестігі басқармасының төрайымы, «Жан-Сая» дағдарыс орталығы КММ директоры З.М. Байсақова, Астана қаласы Адвокаттар алқасының адвокаты
И.Ю. Осокина сөз сөйледі.