Ағымдағы жылы 14 сәуір күні Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі М.С. Шакирбаев және "Біз азаптауға қарсы" ҚБ өкілі Е. А. Семенова № 76 (аралас қауіпсіздік) мекемесіне барып, коммуналдық - тұрмыстық объектілерді, медициналық бөлімді, асхананы және шаруашылық қызмет көрсету жасағын аралап көрді.
Аралау барысында жазасын өтеп жүрген сотталушыдарды жеке қабылдау жүргізіп, тамақтану және медициналық қызмет көрсету жағдайларын жақсарту бойынша түсініктемелер мен ұсыныстар берілді.