Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықта қызметкерлер мен елордалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің өкілі арасында кездесу өтті.
Іс-шара Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2025 жылға арналған үлгілік жұмыс жоспарын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылды.
Кездесу барысында мемлекеттік қызмет саласындағы Әдеп кодексінің талаптарын және заңнама нормаларын сақтау, қызметтік тәртіп пен этика, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер, мүдделер қақтығысын реттеу мәселелері, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік көзделетін жағдайлар талқыланды.
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық мемлекеттік қызмет жүйесінде адалдық, ашықтық және жариялылық қағидаттарын нығайтуға, сондай-ақ құқықтық сауаттылық пен қызметтік этиканы дамытуға бағытталған бастамаларды жүйелі түрде қолдайды.