Біріккен Ұлттар Ұйымының бала құқығы туралы конвенциясы - балалардың құқықтарын қорғауға өзіне міндеттеме алған елдерде ратификацияланған маңызды келісім.
Бала құқығы туралы конвенцияда балалардың кім екендігі түсіндіріледі, сондай-ақ олардың барлық құқықтары мен үкіметтің міндеттемелері тізіліп көрсетіледі. Барлық құқықтар өзара байланысты, олардың барлығы да бірдей маңызды және де оларды балалардан бөлек қарастыру мүмкін емес.
5. Жанұяда баланы өсіру мен баланың қабілеттерін дамыту
Үкімет баланың даму ерекшеліктерін ескере отырып, ата-аналардың баланы тәрбиелеудегі құқықтарын, міндеттерін және жауапкершіліктерін құрметтеуі тиіс.
6. Өмір сүру, аман болу және даму құқығы
Әрбір баланың өмір сүруге құқығы бар, және үкімет баланың психикалық, эмоциялық, ақыл-ой, әлеуметтік және мәдени деңгейін қолдай отырып, оның аман-есен, сау болып дамуын қамтамасыз етуге міндетті.
7. Аты-жөні мен азаматтығы
Әрбір бала туылғанда аты-жөні мен азаматтығын алуға құқылы, сондай-ақ өз ата-аналарын білуге және олардың қамқорлығына сүйенуге құқылы.
Үкімет баланың өз даралығын сақтау құқығын құрметтеуі тиіс, оның ішіне есімі, азаматтығы және отбасылық байланыстары кіреді. Егер бала олардан айырылған жағдайда, үкімет оған барынша тез қалпына келітіруге көмектесуі керек.