Қарағанды облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі Азамат Негматоллаұлы Тлешев Қарағанды облысының ҚАЖ №29, №30, №31, №32, №33, №34, №35, №36 мекнмерге барды, сотталғандардың құқықтары мен оларды ұстау шарттарының сақталуына мониторинг жүргізу мақсатында.
Сондай-ақ, өкіл құқықтық ағарту шеңберінде құқықтық сағат өткізді, онда ұсталатын адамдарға, оның ішінде азаматтығы жоқ адамдарға заң көмегі көрсетілді.
Сонымен қатар, мекеме қызметкерлері үшін адам мен азаматтың 40 іргелі құқықтары бойынша түсіндірме жүргізіліп, "Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының негізгі ережелері" және "Бас бостандығынан айыру орындарында азаптау мен адамгершілікке жатпайтын қарым-қатынасқа қарсы күрес туралы" тақырыптарында дәрістер өткізілді. Уәкіл адам құқықтары мен бостандықтары саласындағы заңнамалық новеллаларға және оларды қорғаудың практикалық тетіктеріне кезекті түсініктеме берді.