Омбудсмен мен Ақмола облысының әкімі адам құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Омбудсмен мен Ақмола облысының әкімі адам құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановпен кездесті. Кездесу барысында тараптар азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелерін талқылап, ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Құжат омбудсмен институты мен өңірлік билік органдары арасындағы өзара әрекеттесуді нығайтуға бағытталған. Меморандум аясында тараптар бірнеше маңызды бағыт бойынша бірлескен жұмыс жүргізуге келісті: азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру, шағымдар бойынша жедел ақпарат алмасу, адамқұқықтары жөнінде дөңгелек үстелдер мен білім беру іс-шараларын өткізу.

«Өңірлік билік органдары біздің өкілдігімізбен белсенді ынтымақтасып, ұсыныстарымызға құлақасып, азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелеріне жылдам жауап береді. Бұл өте маңызды. Мұндай конструктивті көзқарас әрбір адамның құқықтары құрметтеліп, сақталатын әділ қоғам құруға ықпал етеді», – деді Артур Ластаев.

Марат Ахметжанов азаматтардың құқықтарын бұзатын мәселелерді тиімді шешуде бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтті.

«Адам құқығын қорғау жүйесін дамыту үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету, Қазақстандағы мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Адам құқығын, бостандығы мен мүддесін қорғау және азаматтарға бұзылған құқықтары мен мүдделерін қалпына келтіру саласында ынтымақтастық тиімді болатынына сенімдімін», - деді облыс әкімі.

Сондай-ақ, тараптар халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және құқықтық ағарту іс-шараларын өткізу қажеттілігін талқылады. Омбудсмен өз кеңсесінің басты міндеттерінің бірі ретінде ағартушылық жұмыстарын жүргізуге айрықша назар аударатынын мәлімдеді.

Меморандумға қол қою өңірде адам құқықтарын қорғау тетіктерін нығайту мен азаматтар, мемлекеттік органдар және құқық қорғаушы құрылымдар арасындағы тиімді өзара әрекеттесу арналарын қалыптастыру жолындағы маңызды қадам болды.