Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың құқық қорғау қызметі туралы
Институт адам құқықтарын мемлекеттік лауазымды тұлғалардың қол сұғушылықтарынан қорғауға, заңнама мен құқық қолдану практикасының дамуын қамтамасыз етуге, ағартушылық бағдарламаларды әзірлеуге және енгізуге арналған.
Омбудсменнің барлық қызметі БҰҰ-ның ратификацияланған конвенциялары бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелеріне сәйкес және осындай мекемелердің әлемдік жұмыс тәжірибесіне сілтеме жасай отырып құрылады, деп хабарлайды адам құқықтары жөніндегі Ұлттық Орталық.
Омбудсмен сонымен қатар үкіметтік емес ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен және халықаралық ұйымдармен тығыз жұмыс істейді. Омбудсмен жұмысының принциптері жариялылық, объективтілік және бейтараптық болып табылады. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл – Артур Ластаев. Қазақстан Республикасында адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметін қамтамасыз ету үшін жұмыс органы – Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық құрылды.
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады.
Қарағанды облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі – Азамат Тлешев.
Қарағанды облысы бойынша уәкілдің Өкілдігі Қазыбек би атындағы аудан бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының ғимаратында, Қарағанды қаласы, Ермеков көшесі, 73 мекенжайы бойынша орналасқан. Өтінішті eOtinish сервисі арқылы онлайн жіберуге болады.