Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл және құқық қорғау қызметі саласындағы ғылыми-қолданбалы зерттеулер

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл және құқық қорғау қызметі саласындағы ғылыми-қолданбалы зерттеулер
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл және құқық қорғау қызметі саласындағы ғылыми-қолданбалы зерттеулер
«Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» ҚР Конституциялық заңының 10-бабы 2-тармағына сәйкес, Уәкіл ғылыми-қолданбалы зерттеулер жүргізуді ұйымдастыруға бастамашылық жасайды.
Уәкілдің атқарылған жұмыстары туралы есептері жыл сайын жарияланады, онда институттың қызметі туралы, оның ішінде орындалған міндеттер, қол жеткізілген нәтижелер және адам құқықтары саласындағы мәселелер туралы жан-жақты ақпарат қамтылады.
2024 жылдың сәуір айында Уәкіл отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесіне арналған Арнайы баяндамасын ұсынды, онда келесідей мәселелер қарастырылған:
-статистика мен үрдістерді қоса алғанда, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы криминогендік жағдайды талдау;
-зорлық-зомбылықпен күресудің ұлттық тетіктерін халықаралық стандарттарға сәйкестігін бағалау;
-заңнаманы жетілдіруге, адам құқықтарын ақпараттандыру деңгейін арттыруға және зардап шеккендерге қолдау көрсетуді күшейтуге бағытталған отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы күресті жетілдіру бойынша ұсыныстар.
Арнайы баяндама құқық қорғау тәжірибесінде маңызды қадам болды және отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелеріне қатысты ақпараттандыруды арттыруға ықпал етті.
Қазіргі уақытта құқық қорғау тәжірибесінің әртүрлі аспектілерін зерттеуге және жетілдіргуе бағытталған бес зерттеу аяқталу сатысында:
-кемсітушілікке қарсы күрес мәселелері бойынша халықаралық тәжірибені зерттеу және ұлттық заңнаманы талдау;
-әлеуметтік сала мен қылмыстық-атқару жүйесінің жабық мекемелеріндегі адамдарға медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша зерттеу;
-жазаны өтеу орындарында әйелдердің (балалары бар әйелдерді қоса алғанда) ұстау жағдайларын талдау және жыныстық және гендерлік зорлық-зомбылықты алдын алу;
-азаптаулар мен басқа да қатігездік әрекеттер мен жазалауларды болдырмау мәселелері бойынша халықаралық тәжірибеге шолу, ұлттық заңнамаға талдау жасау және құқық қолдану тәжірибесіне зерттеу;
-халықаралық стандарттарды ұлттық заңнамаға енгізу мәселелерін зерттеу.
Бұл зерттеулер Қазақстандағы құқық қорғау тәжірибесін жақсартуға және адам құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіруге ықпал етеді.