Қарағанды облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өкілінің міндетін атқарушы А.Б. Каримов Сараптамалық кеңестің отырысын өткізді, оның барысында Қарағанды облысында Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың өзекті мәселелері қаралды.
Отырыс шеңберінде құқық қорғау қызметінің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасылды, сондай-ақ өңірде адам құқықтарын қамтамасыз ету және қорғау тетіктерін одан әрі жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірленді.