
Күнделікті өмірде әр адам өз құқықтары бұзылған жағдайға тап болуы мүмкін, мысалы, мемлекеттік қызметтерді алу кезінде, еңбек, білім беру немесе денсаулық сақтау саласында. Мұндай жағдайларда әркімнің құқықтарымен қатар адал әрекет ету, белгіленген ережелерді сақтау және басқа адамдардың құқықтарын құрметтеу міндеттері бар екенін есте ұстаған жөн. Адам сапалы және тең көзқарасты, толық және дұрыс ақпарат алуды, сондай-ақ заңсыз әрекеттерден қорғауды талап етуге құқылы, бірақ бұл ретте тәртіптің сақталуына, дұрыс мінез-құлыққа және өз ұстанымын қорғаудың заңды тәсілдеріне жауапты болады. Егер туындаған жағдай жергілікті жерде шешілмесе, адам мемлекеттің цифрлық сервистері арқылы жүгінуді немесе құзыретті органдарға шағым беруді қоса алғанда, қорғаудың қолжетімді тетіктерін пайдалана алады. Құқықтар мен бостандықтарды қорғау жүйесінде Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл ерекше рөл атқарады, ол тәуелсіз құқық қорғау институты ретінде әрекет етеді, өтініштерді қарайды, бұзылған құқықтарды қалпына келтіруге жәрдемдеседі, түсініктемелер береді және әрбір адамға қосымша қорғауды қамтамасыз ете отырып, қиын өмірлік жағдайларда әділ шешім табуға көмектеседі.