Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 5 қарашадағы №1081 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттары жүйесінде бекітілген "Әртүрлі көзқарас - біртұтас ұлт" қағидаты адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге негізделген мемлекеттің демократиялық дамуының іргетасын көрсетеді

Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 5 қарашадағы №1081 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттары жүйесінде бекітілген "Әртүрлі көзқарас - біртұтас ұлт" қағидаты адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге негізделген мемлекеттің демократиялық дамуының іргетасын көрсетеді

Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 5 қарашадағы №1081 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттары жүйесінде бекітілген "Әртүрлі көзқарас - біртұтас ұлт" қағидаты адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге негізделген мемлекеттің демократиялық дамуының іргетасын көрсетеді. Бұл қағидат негізгі мемлекеттік шешімдер қоғамдық пікірді ескере отырып, инклюзивті тәсіл негізінде және бүкіл қоғамның мүддесі үшін қабылданатынын білдіреді. Оның практикалық іске асырылуы азаматтардың сайлауға және референдумдарға қатысуында, диалог алаңдары мен консультативтік-кеңесші органдардың жұмысында, халықтың қоғамдық көңіл-күйі мен қажеттіліктерін жүйелі зерделеуде көрінеді. Азаматтардың әртүрлі көзқарастары мен ұстанымдарын шоғырландыру әділ және тиімді шешімдер әзірлеуге мүмкіндік береді, мемлекеттік институттарға деген сенімді нығайтады, саяси плюрализмнің дамуына және тұрақты демократиялық жүйенің қалыптасуына ықпал етеді. Осы қағидатты іске асыруды қамтамасыз етуде азаматтық және саяси құқықтар мен бостандықтарды қорғаудың тәуелсіз кепілі болып табылатын, азаматтардың өтініштерін қарауды қамтамасыз ететін, бұзылған құқықтарды қалпына келтіруге жәрдемдесетін, мемлекет пен қоғам арасындағы қоғамдық диалог тетіктерін ілгерілететін және сол арқылы әділдік, заңдылық және теңдік қағидаттарын нығайтатын Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл маңызды рөл атқарады. Омбудсмен институтының қызметі халықтың құқықтық мәдениетін арттыруға, мемлекеттік органдардың ашықтығын дамытуға және пікірлер алуан түрлілігі елдің бірлігі, тұрақтылығы мен прогресінің ресурсына айналатын сенім ахуалын қалыптастыруға ықпал етеді.