Қарағанды облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі А.Н. Тлешев сотталғандардың құқықтарының сақталуына және оларды ұстау шарттарына мониторинг жүргізу мақсатында Қарағанды облысының ҚАЖ №29 мекемесіне барды.
Құқықтық ағарту шеңберінде сотталғандарға заң көмегін көрсете отырып, құқықтық сағат өткізілді. Мекеменің жеке құрамына және сотталғандарға ұлттық алдын алу тетігі институты туралы ақпарат берілді, сонымен қатар "Адамның іргелі құқықтары" тақырыбында дәріс өткізілді.
Сонымен қатар, адам мен азаматтың 40 іргелі құқықтары және азаптауға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын қарым-қатынас пен жаза түрлеріне жол бермеу туралы түсіндірме жүргізілді.